Түркістан облысында жыл басынан бері өндіріс барысында 13 адам қайтыс болды
Түркістан облысында биылғы жылдың 9 айында ұйымдар мен мекемелерде өндіріске байланысты 46 жазатайым оқиға тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат
.
Алматы, NEGE. Осы оқиғалар барысында 67 адам жарақат алып, 13-і қайтыс болды. Бұл өткен жылмен салыстырған 2 есе көп. Жарақаттың көбею себебінің бірі жұмысшылар арасында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы туралы ақпараттың жеткіліксіздігі болып отыр. Өндіріс барысындағы жарақатты азайту шаралары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жергілікті атқарушы органдағы басқармалар басшылары, әлеуметтік серіктестер өкілдері мен өңір кәсіпорындары басшыларының қатысуымен өткен кездесуде талқыланды.