Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушысы болды
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткен.
Алматы, NEGE.Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы.
Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды.
ҚР ҚК-нің 389-бабының 3-бөлігі "Өзінше билік ету" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.