Түркістан облысында тауда жоғалған туристер құтқарылды

Олардың із-түзсіз кеткені жайлы аймақтағы демалыс орындарының бірі растаған.

Алматы, NEGE. Айтуларынша, 4 адам Сусіңген көліне қарай кетіп, содан қайта оралмапты. Ал іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 17 құтқарушысы мен 2 техникасы, кинологиялық бөлімнің қызметкері, бірнеше полицей мен Ұлттық парктің мамандары да жұмылдырылған. Сөйтіп, туристер таңғы 6 жарым шамасында Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі таулы аймақтан табылды. Олар тұманда адасып кеткен және бір түн бойы далада түнеген. Абырой болғанда барлығы дін аман.