Түркістан облысында тауда жоғалған 4 туристің өліміне не себеп болғаны анықталды

Құтқарушылар Түркістан облысында тауда жоғалған 4 туристтің өлімі бойынша болжам айтты.

Алматы, NEGE.  Түркістан облысында Сайрам-Өгем шатқалында із-түзсіз жоғалып, мәйіті табылған төрт туристтің өліміне қатысты алғашқы болжамдар айтылды.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, мамандар жаяу 2543 шақырым, әуеде тікұшақпен 16 090 шақырым аумақтан төртеуін іздестірді. Сүңгуірлер Өгем өзенінің бойымен 22 шақырым жерді қарап шыққан.

Нәтижесінде, бірінші жігіттің мәйіті табылған жер мен екінші туристтің мәйітінің арасы 6 шақырым екені анықталды. Үшінші және төртінші мәйіттің арасы 7 шақырымнан астам екенін көрдік.

Құтқарушылар алғашқы болжам ретінде төртеуі қол ұстасып, Өгем өзенінен бірге өтпек болған кезде, өзеннің ағысы тым қатты болғандықтан, оларды өзен ағызып алып кетуі мүмкін. Екінші болжам бойынша, олар өзеннің тастақ жері Таскөпірден өтпек болған. Алайда, суда жатқан тастардың беті тайғақ болғандықтан, бірі тайып құлап, суға ағып кетіп, қалғандары оны құтқарамыз деп оқталған болуы мүмкін. Үшінші болжам – аюлардан қорыққан.

«Іздестіру барысында осы төңіректе аюларды өте көп кездестірдік. Жиырмадан аса аю көрдік. Аюдың адам көрсе ашулы болатын шағы. Мүмкін, бұл жігіттер өзенді бойлап жүрген кезде алдынан аю шығып қалды ма?.. Содан қорыққанынан суға секіріп кетті ме?… деген жағдайларды қарастырдық», – дейді Ерік Сарыбаев.

Іздестіру, құтқару жұмысына ТЖМ Алматы қаласындағы РЖҚЖ-ғы, Шымкент қаласы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Түркістан облысының ПД, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, еріктілер, Өзбекстан Республикасы ТЖМ, ҚР ҰҚК Төлеби шекара қызметі, ҚР ҰҰ 6506 әскери бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды