Түркістан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр
Сауран ауданының эвакуацияланған тұрғындары біртіндеп үйлеріне оралуда. Қазіргі уақытта суды бұру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ТЖМ.
Алматы, NEGE. 200-ге жуық аула судан босатылды. Жалпы 85 аула аумағынан 197 текше метр су сорып шығарылды.
ТЖМ және ЖАО күштерімен үйлерді су басу салдарын болдырмау және азайту мақсатында аула аумақтарынан суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде, құм салынған қаптарды төсеу және су бұру арналарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 15 300 қап төселді.
Республикаық және облыстық жедел штаб жұмыс істейді. Штабтар базасында жедел желі телефондары ашылды.