Түркістан облысында оқушы қыз емтиханнан кейін өзіне қол салды

Қайғылы оқиға Түркістан облысында болды. Қыздың анасы балаға емтихан кезінде қысым көрсетілгенін айтып отыр.

 Алматы, NEGE. Түркістан облысында тоғызыншы сынып түлегі Эльвира Мықтыбек емтиханнан кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды жергілікті Otyrar.kz порталы.

Ата-анасы қыздарының өлер алдындағы хатын тауып алды. Онда «Анашым, мен сіздердің үміттеріңізді ақтамадым» деп жазылған. 

Әйел қызының сыныптастарынан емтиханда не болғанын сұраған. Олардың айтуынша, мектеп директоры қыз «үшке» оқығандықтан, оның балын әдейі төмендетіпті-міс. Марқұмның анасы, сонымен бірге, оның сынып жетекшісі де болған.

Ал мектеп директоры оқушыға қысым жасалғанын жоққа шығарып отыр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті