Түркістан облысында облыстық маңызы бар жолдар жабылды

12 желтоқсан Түркістан облысында кешкі сағат 21:00 шамасында таулы аймақтарда және Бәйдібек ауданында  бұрқасын жел басталып, аяз болып тұр.

Алматы, NEGE. Салдарынан Түркістан облысы Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, Батыс-Еуропа Батыс-Қытай трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылды.

Боран басталғаннан бастап патрульдік полиция батальоны бір сағатта жолда адасып кеткен бірнеше жеңіл көліктің жолаушыларын құтқарды. Сонымен қатар ауыр жүк көліктерінің қозғалуына көмек көрсетілді.