Түркістан облысында мұғалімдердің 26 млн теңге жалақысы ұрланған
Түркістан облысы мұғалімдерінің жалақысынан 26 млн теңге ұрлаған, деп хабарлады «Отырар».
Алматы, NEGE. «Шымкенттік азамат Шардара ауданының мұғалімдерінің жалақысын ұрлап келген. Нақтырақ айтқанда, интернет арқылы ұрлық жасап, 26 млн. теңге шығын келтірген. 1С бухгалтерлік бағдарламасын меңгерген күдікті қомақты қаржыны өз есепшотына аударған», - деп хабарлады басылым.
Белгілі болғандай, алаяқ ақшаны ойынханаларға жаратып жіберген. Ұстау барысында Т1,5 млн қолма-қол ақша тәркіленді.
«Күдікті 188 баптың 4-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған нақты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Шардара ауданының прокуроры Руслан Әбдіраимов.
Бүгінде мұғалімдерге жалақысы ішінара қайтарылған. Ал қалған сома күдіктіден қосымша өндіріледі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.