Түркістан облысында мал арасынан індет шықты

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында төрт түліктің арасында бруцеллез шығып, екі ауылға ішінара шектеу шарасы енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Көктемгі және күзгі қан сынамаларын алу кезінде ауданда 290 мыңнан аса іріқара мен уақ мал тек-серілген. Нәтижесінде Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қаржан елдімекені мен Қызылата ауылында 7 бас ірі қара мен 31 бас уақ малдан бру-целлез індеті анықталды. Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімі мамандарының айтуынша, ауру мал арнайы орында сойылып, өңделген. Ал малдың иелеріне өтемақы төленді.

Сондай-ақ індет табылған үйдегі өзге 155 іріқара мен 997 уақ мал және 102 бас жылқы уақытша орында оқшауланған. Олар екі қайтара тексеріліп, ауру анықталмаған жағдайда жайылымға жіберіледі. Ал мамандар жағдай күрделенсе, ауылдар түгелдей карантинге жабылуы мүмкін екенін айтады. Жалпы облыс бойынша 10 айда 76 малдан бруцеллез ауруы анықталған. Сарыағаш ауданында да 5 ірі қара мен 24 бас қойдан ауру белгілері табылды.