Түркістан облысында мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдікпен оқушы қамауға алынды
Түркістан облысының полицейлері Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдікпен 11 сынып оқушысы
н ұстады, деп жазды Sputnik.kz.
Алматы, NEGE. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды.
Аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексіннің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сот-медицина сараптамасы тағайындалды.
Тергеу ісін Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауға алды.