Түркістан облысында қызанақтан вирус табылды

Түркістан облысында шеттен жеткізілген 43 тонна қызанақтан біздің елде жоқ вирус анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.

Алматы, NEGE. Өнім Сарыағаш ауданында орналаскан шекара бекетінде тексерілген. Фитосанитариялық бақылау инспекторлар томат өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» мен «қызанақтың қола түстес тоспо вирустарын» тапқан.

Қызанақ Түркіменстан, Өзбекстан мен Иран елдерінен жеткізілген

"Өсімдіктер карантині заң талаптарына сәйкес, жүктің иелеріне әкімшілік іс шаралар қаралып, жүктер келген елдеріне кері қайтарылды. Жалпы бұл аурулар Республика аумағына енетін болса, қызанақ, тәті бұрыш, баялды өнімдерімен айланысатын кәсіпкер фермерлердің жылыжайларына және ашық алқапта өсірілген өнімдерге 50-70 пайызға дейін елеулі зиян келтіреді", – деді облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов.

Инспекторлардың сөзінше, томат өнімдерінің мұндай қауіпті вирусы соңғы үш жылда Еуропа, Азия мен Америкада тараған. 

Сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінде де анықталып отыр. Осындай карантиндік аурулардың енгізілуі мен өнімді зиянкестерден қорғау мақсатында тексерістер жіті жүргізіліп келеді.