Түркістан облысында карантин уақыты созылды

Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге дейін созылады, - деп хабарлайды tengrinews.kz

 Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Алматы, NEGE. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа шығуды қоспағанда, тұрғындардың үйден шығуы шектеледі. Облысаралық, ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты 09:00-ден 20:00-ге дейін, азық-түлік базарлары 10:00-ден 17:00-ге дейін белгіленді. Қоғамдық тамақтанудың барлық нүктелері онлайн тапсырыстарды жеткізу режимінде таңғы сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмысқа көшеді. Екінші деңгейлі банктер, жеке нотариустар 10:00 - ден 16:00-ге дейін, ал сұлулық салондары, шеберханалар және ТЖС 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектеулі. Пошта бөлімшелерінде, төлем пункттерінде және банктерде 1,5-тен 2 метрге дейінгі қашықтықта бес адамнан артық кезекте тұруға жол берілмейді.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?