Түркістан облысында екі жүк көлігі соқтығысты

Түркістан облысында екі жүк көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  1 сәуір күні Түркістан қаласында ауыр жүк көліктерінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты болған жерге бірден тәртіп сақшылары шықты.

Полицейлердің анықтауы бойынша, Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында Шымкент-Самара тас жолының 135 шақырымында бір бағытта кетіп бара жатқан Renault Magnum кран ауыр жүк көлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.