Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Түркістан облысында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Антикор.

Алматы, NEGE."Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты жеңімпаз деп тануға қолдау көрсеткені және Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген хабарламада.

Күдіктілер ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылады.