1 декабря 2023 г. 9:58

Түркістан облысында алаяқтық жасады деген күдікпен лауазымды тұлғалар ұсталды

Фото:

Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иеленген фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326млн. теңге құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдегені бойынша күдіктелуде.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тегтер: