Түркістан облысында әкім жұмыста карта ойнаған

Түркістан облысындағы ауыл әкімі ойынқұмар екен. Шенеунік карта ойындарын жұмыс орнында ұйымдастырған.

Алматы, NEGE. Ауыл әкімінің құмар ойын ойнап отырғаны бейнежазбаға түсіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желілерде тарап кетіпті. Видеода әкіммен бірге ауыл қоғамының қаймақтары карта ойнауға жиналған екен. Азаматтың қолына телефон ұстап кіргені ойыншыларды састырыпты. Олардың картаға не тіккені, қандай ойын түрін ойнап отырғаны белгісіз көрінеді.

 Тәртіптік кеңес барысында оның ақталмақшы болып айтқан сөздеріне ешкім құлақ аспаған. Шенеуніктің бұл ісі мемлекеттік қызметкерге жат әдет деп танылыпты. Оның алдағы уақытта лауазымын сақтап қалу-қалмауын Шардара ауданының басшысы шешеді. «Бір-ақ рет қана болған жағдай. Қателігімді мойындаймын. Екінші рет қайталанбайды», – деп ақталыпты әкім. 

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды