14 апреля 2023 г. 16:54
Түркістан облысында 9-сынып оқитын қыз баланың денесі ауыл шетінен табылды
Түркістан облысында 9-сынып оқитын қыз баланың денесі ауыл шетінен табылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Ирина Советжан хабарлады.
Алматы, NEGE. «Ауылдастары, қайтыс болардың алдында бойжеткенге бір қыздардың тиісіп жүргені туралы естіген. Қазір 9, 10,11 сынып оқушылары сұралып жатыр. Үш күннен бері алақандай ауылдан күдіктінің кім екені табылмай жатқан көрінеді. Қызды жарақаттаған пышақ та жоқ, қаскөй марқұмның телефонын да шағып кеткен. Жаңа ғана бір оқушы күдікті ретінде қамауға алынды», - деп жазды журналист.