Түркістан облысында 845 үй бүлінді

Түркістан облысының аумағында 845 үйді су басқан, деп хабарлады Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Алматы, NEGE. «Алдын-ала есеп бойынша, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық елді мекеніндегі 845 үйді, үш мектепті, бес балабақшаны, төрт медициналық нысанды және бір мәдениет пунктін су басқан, сонымен қатар ұзындығы 54,7 км көлік жолы мен 7639 егістік алқабын су басқан», - деді Шөкеев сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сондай-ақ, ол хабарлағандай, облыстың Мақтаарал ауданында жарияланған ТЖ аясында 14 елдімекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланған.
«Мен айтқандай, бес елдімекенді су басқан, жетеуінде – су басу қаупі сақталуда, екеуінде – Мырзакент пен Ақжол- су басу қаупі жоқ, сондықтан тұрғындар үйлеріне оралды», - деді Шөкеев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?