Түркістан облысынан табылған балбал тас мұражайда сақталады

Шардара ауаны аумағынан табылған балбал тас біздің заманымыздағы І-ІІІ ғасырларға тиесілі, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Көне ескерткіш өз заманының атақты қолбасшысына арнап жасалуы мүмкін, деген де болжам бар. Өйткені балбал тас бетінде әскери бас киім анық бейнеленген.

Табылған тас мүсін мұражайдан орын алып, облыстық тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізу жөнінде құжаттар әзірленіп жатыр. Көне жәдігерді тапқан жер иесі – Төребековтер әулеті.

Тасты Шардара су қоймасына жақын маңдағы Шекертөбе жерінде мал бағып жүріп, тауып алған. Тас мүсінді шаруа қожалық иесі мұражайға аманат етті. Құнды жәдігер табылған аумақта қазба жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Балбал – тастан қашалып жасалған адам бейнесіндегі ескерткіш. Яғни соғу, қағу, ұру дегенді білдіретін қос сөзден тұрады.

Түркологтардың пікірінше, балбал сөзі «тасты тіп-тік етіп қадап орнатқан белгілер» деген мағынаны білдіреді.

 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті