Түркістан облысына 1,5 млн құты дәрі-дәрмек келіп жетті

Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі келді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. Оның арасында 1 млн 420 мың құты - «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі», 100 мың дана - «Дексаметазон инъекцияға арналған ампула» және 30 мың құты «Аспирин» бар. Препараттарды қабылдап алу шарасына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов, сондай-ақ, қалалық емханалардың бас дәрігерлері қатысты. 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған