Түркістан облысы әкімі орынбасарының істі болғаны рас па?
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевке қатысты Жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлаған болатын.
- Тақырыпқа орай: «Түркістан облысы әкімінің орынбасары істі болды»
Әкімнің орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша іс қозғалған.
Nege.kz сайтының тілшісі осы ақпаратқа қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарласқан болатын. Антикордағылар бұл мәселе бойынша әзірге ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтты.
Ал Түркістан облысы әкімдігінің қызметкері тек ресми сауал жолдау арқылы ғана бұл сұраққа жауап алуымыз мүмкін екенін жеткізді. Сол себепті Nege.kz сайты Түркістан облысының әкімдігіне ресми сауал жолдады.