Түркістан мен Ташкент арасында жаңа халықаралық рейс ашылады

Өзбекстан Республикасы премьер-министрі Абдулла Ариповтың Қазақстанға сапары аясында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында 2021 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстанның Fly Arystan әуе компаниясының Түркістан – Ташкент бағытында аптасына 2 рейспен (аптаның 1 және 4 күндері) ұшатыны келісілді.  

«Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық шараларын қатаң сақтай отырып орындалады. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай түркі әлемінің мәдени астанасы Түркістаннан ұшатын рейстер санын одан әрі арттыру жоспарланып отыр», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды