Түркістан мен Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында Р.Аюповқа қатысты үкім шықты.

Алматы, NEGE. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Биыл мамыр айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Рашид Аюповке қатысты тергеуді аяқтады.

Аюпов 2013 жылы Премьер-Министр кеңсесінің қызметкері болған кезінде жеке компанияның иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі мөлшерде пара беруге көндірген.

Сол арқылы кәсіпкер құрылыс тендерін жеңіп алуы керек болған.