Түркістан мен Ақтөбе облысының тұрғындарына ескерту
Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты тағы екі өңірде ескерту жариялады.
Алматы, NEGE. «14 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, баяу бұрқасын болуы ықтимал. Күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. 14 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 18 м/с артады», – делінген Қазгидромет хабарламасында.