Түркістан қаласының шекарасы кеңейеді

Сауран ауданының жерін қосы есебінен Түркістан қаласының шекарасы кеңейеді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды.

Алматы, NEGE. «Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жалпы ауданы 4831,86 гектар Сауран ауданының жерін қосу және жалпы ауданы 4716,29 гектар Түркістан қаласының жерін Сауран ауданының шекарасына қосу арқылы Түркістан қаласының шекарасы өзгертілсін. Бұл туралы мәслихат пен әкімдіктің қаулысына келісім берілсін», - делінген Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.