Түркістан қаласында ер адамның мәйіті табылды

22 ақпан түнгі уақытта Түркістан қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен көше қиылыстарының бірінде пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы, NEGE. Жәбірленушінің базарда қасапшы болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын екені анықталды. Орын алған ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары, куәгерлерден жауап алып, барлық полиция бекеттеріне хабарлады. Күдікті сол түні ұсталды.

Ол - Түркістан қаласының тұрғыны. Жас жігіт өз кінәсін мойындады. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындап, нәтижесінде жәбірленуші пышақталып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен "Кісі өлтіру" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.