Түркістан дәріханаларында парацетамол жоқ 

Түркістандағы дәріханаларда вируске қарсы қажетті дәрі-дәрмек табылғанымен, парацетамол әлі де жоқ.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ бақылау тобы бірнеше дәріхананың дәрі-дәрмек бағасын қымбат бағамен сатқанын анықтады. Одан бөлек кейбірінде кассалық аппарат болмай шықты. Мамандардың айтуынша, ол да бағаны көтеруге ықпал етеді. Сонымен қатар бір де бір дәріханадан парацетамол табылмады. Фармацевттер оны Түркістан қаласында дәрі сақтайтын қойманың жоқтығымен байланыстырады. Сондықтан олар қажетті препараттың бәрін Шымкенттен алдыртанын айтады. Тексеру нәтижесі бойынша мамандар арнайы акт толтырып, құзырлы органдарға тапсырмақ.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Дәулет Тағыбаев: "Барған 6 дәріхананың төртеуінде қымбат бағамен сатылғаны анықталды. Ол енді заң шеңберінде қаралады. Бір дәріханада болса, екіншісінде жоқ. Бұл алдыңғы уақытпен салыстырғанда Түркістан қаласы мен облысында көтерме саудамен реттеле бастағанын көрсетеді. Бүгінгі таңда сатылымда бар. Ұзын сонар кезек жоқ. Алдыңғы жетімен салыстырғанда бұл жеітдегі сұраныс төмен және баяу деп айтуға болады" деді.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік бюджет кірістері шамамен 17%-ға өсіп, жоспардан асыра орындалды

Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімгершілік келісімін құптайды

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді