Түркістан әуежайы күзде дайын болады

«Түркістан шаһарында бой көтерген жаңа әуежай 2020 жылдың қыркүйегінде толығымен пайдалануға беріледі», – деп хабарлады Түркістан облыстық әкімінің баспасөз қызметінен.

Алматы, NEGE. Түркістан қаласында жаңадан салынып жатқан халықаралық әуежайға баратын автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 16,3 шақырым. Әуежай жолын толығымен 2020 жылдың қыркүйек айында аяқтау көзделіп отыр. Қаладан 16 шақырым қашықтықтағы Шаға елді мекені маңында түркиялық «YDA Group» компаниясы халықаралық әуежайдың құрылысын жүргізуде. Әуежайға 900 гектар жерді қамтитын аумақ бөлінген. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.

Түркістандағы әуежай құрылысы 2019 жылдың 18 мамырында басталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірибесімен мемлекеттік сатып алуларға қатысқан

Almaty Superski таңдаулы топқа арналған курорт ретінде қабылданбауы керек – Аида Балаева