Түркіменстан президенті әйелін алғаш рет халыққа көрсетті

Түркия медиасы Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әйелі Огулгерек Бердімұхамедованың фотосын жариялады. Оның фотосы бұған дейін БАҚ беттерінде жарияланбаған еді. Суретті алғашқылардың бірі болып SonDakika сайты шығарды.

Алматы, NEGE. Бердімұхамедов пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әйелдерімен фотоға 27 қарашада Ашхабаттағы банкетте түскен. Ердоған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Түркіменстанға екі күндік сапармен келген еді.

Түркіменстанның ресми басылымдары Огулгерек Бердімұхамедованың әйелінің фотосын жарияламайды. Әдетте Гурбангулы Бердымұхамедов телеарнада және газет беттерінде өзі ғана шығатын. Отбасылық фотоларда Бердімұхамедовтің ұлы, қыздары және немерелері болатын.