Түркімен президенті індет жұқтырған Назарбаевқа жәрдемдесуге уәде берді

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов  коронавирус жұқтырды деп хабарланған Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдіріп хат жолдады. Бұл туралы түркіменнің ТДХ мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Алматы, NEGE 

«Cіздің өмірлік күш-қуатыңыз бен жігеріңіздің арқасында жақын уақытта бұл дертті шүбәсіз жеңетініңізге әбден сенемін. Өміріңіздің осындай қиын-қыстау сәтінде Сізді жан-жақты қолдауға және қажет болған жағдайда жәрдемдесуге дайын екенімді білдіргім келеді», – делінген түркімен президентінің жолдауында. 

Түркіменстан әлемдегі ең жабық елдің бірі. Оның қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өрескел қылықтарымен танымал. Аты мен итіне арнап ән шығарған түркімен президенті 30-дан астам кітаптың авторы. Оның бірі шай мен оның емдік қасиеті туралы жазылған.   

 

Қазір оқып жатыр

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Қазақстанда күн күрт суытады

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады

Қазақстандықтар ұзағырақ өмір сүре бастады – Денсаулық сақтау министрлігі