Түркімен президенті Ашхабадты атпен аралады (видео)

Түркіменстан  президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Шаполат дейтін атына мініп Ашхабадтағы жаңа ғимарат құрылыстарының және қаланы көгалдандыру шарасының дайындығын пысықтап қайтқан. Бұл туралы «Хроники Туркменистана» басылымы хабарлайды.

Алматы, NEGE.  Президент алдымен Копетдаг етегіндегі жасыл аймақтағы көшеттерді көріп шығып, жаппай ағаш отырғызу шарасында талдың қандай түрін егу керектігін бекітіпті. Мемлекеттік ақпарат құралдары Бердімұхамедовтың «көгалдандыру мақсатында көптеп терек егудің артықшылығы» туралы пайдалы кеңес бергенін хабарлады.

Ол сонымен бірге салынып жатқан бірқатар мемлекеттік ғимараттарды да атпен аралап, олардың сәулетіне қатысты тапсырма берген.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?