Түркі кеңесінің болашағына қатысты Назарбаев қандай ұсыныс айтты?

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитінде түркі елдеріне ұсыныс жасады. Бұл туралы

Tengrinews.kz жазды.

«Менің алғашқы ұсынысым: біз одан әрі дамуды жалғастырып, Түркі кеңесінің болашағына қатысты құжат қабылдауымыз керек. Бакудегі саммитте Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін ұйым деңгейіне көтеруді ұсындым.

Гуманитарлық және мәдени дамумен қатар біз бір-бірімізден көп нәрсе үйренеміз. Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе береді, соның арқасында біз жастарымыздың жаһандық деңгейде дамуына ықпал етуге мүмкіндік аламыз. Бізге бірге даму маңызды», – деді Н.Назарбаев. 

Сондай-ақ, Назарбаев өзара сауданы дамытып, инвестиция тарту үшін жұмыс істеуіміз қажет екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін