Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді

Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 11-саммитінде ұйым туының жаңартылған нұсқасы қабылданды.  

gov.kz

Алматы, NEGE. Жаңа туда Ұйымның бұрынғы туынан екі өзгешелік бар.

Біріншісі – тудағы күннің ирек сәулелері түзу сызық болып өзгерді. Бұл 2023 жылдың соңында Қырғызстанның туының өзгеруімен байланысты.

Екіншісі – туға сегіз бұрышты жұлдыз бейнесі қосылған. Ол – көп ғасырлық түркі мемлекеттігінің белгісі.

«Бүгін Саммитте Түркі мемлекеттері ұйымының туының жаңартылған нұсқасы қабылданды. Оның ерекшелігі – сегіз бұрышты жұлдыз қосылғанында. Қазақ хандығында, Әмір Темір заманында, Салжұқ мемлекетінде, Қарахан кезеңінде және көк түріктер тұсында кеңінен қолданылған сегіз бұрыш – төрткіл дүниеге төрелік еткен түріктің тұтастығын һәм рухани шексіздігін білдіреді. Алғаш туды қабылдағанда оған тікелей қатысымыз болған еді, мағынасы толыса түскен жаңа нұсқаны да қуана қабылдадық», – деді депутат Дархан Қыдырәлі. 

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?