6 июля 2024 г. 18:12

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Қарабақ декларациясы қабылданды

Фото: Ақорда

 Әзербайжан Республикасында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтті. Жиын соңында Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығын нығайту туралы мемлекеттер басшыларының шешіміне қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар саммит қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды.

Айта кетейік, Шушада «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» тақырыбында Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммиті өтті.

Аталған басқосу түркі елдерінің игілігін көздейтініне, дамудың тың бағыттарын айқындайтынына және бауырластық байланысты нығайтып, өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететініне назар аударды.