Туристік кеме апатқа ұшырады
Алания туристік ауданының жағалауында, Жерорта теңізінде сейсенбі күні катер суға батып кетті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Алматы, NEGE. Бір адам мерт болды, 37 адам құтқарылды.
Қаза тапқан азамат – ресейлік турист.
Кеме жергілікті уақытпен 11.10-да жағалаудан 50-100 метр қашықта батып кеткен.
Апаттың жай-жапсары тексеріліп жатыр.