Алматы тауларында адасқан туристер табылды
2023 жылғы 20 тамызда Іле Алатауы тауларындағы Каменский шыңынан түсу кезінде үш адам адасып, құтқарушыларға қоңырау шалды.
Алматы, NEGE. Түні бойы іздеу жүргізіліп,
сағат 6:40-та РЖҚЖ мен қаланың құтқарушылары бірінші адасқан туристті тапты.
Екі жарым сағаттан соң Қарғалы шатқалы аумағында тағы екі турист табылды.