Туринде қысқы Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті

Кеше, 13 қаңтар күні, Италияның Турин қаласында ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы студенттік ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

gov.kz

Алматы, NEGE. Еліміздің туын хоккейші Абылайхан Сүлейменов пен фристайл шебері Аяулым Әмренова ұстап шықты.

Әлемнің түрлі елдерінен 2000-ға жуық студент-спортшы қатысатын осы беделді жарыста Қазақстанның атынан ұлттық және жастар құрамаларынан 103 спортшы шығады.

Қазақстанның намысын 10 спорт түрінен (биатлон, шаңғы жарысы, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (ерлер, әйелдер), парашаңғы жарысы, тау шаңғысы жарысы, шорт-трек) 103 спортшы қорғайды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді