Түрікменстанда президент сайлауына түсетін екінші үміткердің есімі белгілі болды

2022 жылдың 12 наурызында Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Гурбангулы Бердімұхамедов жас көшбасшыларға жол беру керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы. NEGE. 14 ақпанда Түркіменстан Демократиялық партиясының кезектен тыс IX съезі президенттікке кандидат ретінде қазіргі мемлекет басшысының ұлы вице-премьер Сердар Бердімұхамедовті ұсынды.

Кейінірек, 15 ақпанда Түркіменстан хроникасы сайтында хабарланғандай, Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссия кандидат Сердар Бердімұхамедовті тіркеді.

Оған тиісті сертификат берілді.

Дәл осы күні Ашхабадта еліміздің Аграрлық партиясының кезектен тыс съезі өтіп, онда президенттікке кандидат ретінде Мары велаяты әкімінің орынбасары Агаджан Бекмырадов ұсынылды.

Партия мүшелері кандидатты бірауыздан мақұлдады.

Түрікменстан президенті болып Түркіменстанда туған, жасы 40-тан кіші емес, мемлекеттік тілді меңгерген, осы елде соңғы 15 жыл бойы тұрақты тұратын және жұмыс істейтін ел азаматы сайлана алады.

Оны ел халқы жеті жыл мерзімге сайлайды және ант берген сәттен бастап президент қызметіне кіріседі.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр