Түрікменстанда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар ұсталды

Түрікменстандық БАҚ Ашхабадта маусым айында арнайы қызмет қарулы төңкеріс әрекетінің алдын алғанын хабарлады.

Алматы, NEGE. Маусым айында Түркіменстанның қауіпсіздік қызметі төңкеріс жасауға әрекеттенген 20 адамды ұстады, олардың көбісі Мары уәлаятынан.

Оның ішінде Түркіменстанның бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрінің ұлы Батыр Мередов пен Ішкі істер министрінің орынбасары Ахмет Ходжатов да бар. Қылмыскерлердің арасында бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Пайзыгелді Мередовтың ұлы Батыр Мередовтің жетекші рөл атқарғаны айтылады. 

Олар қазір қамауда отыр. 

Соңғы күндері Түрікменстанда интернеттің жаппай бұғатталуына болжамды қарулы қастандық туралы ақпаратты жасыру себеп болған.