Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысына Түрікменстан Президентінің арғымақ аттары көрсетілді. Іс-шара барысында құрметті қонақтар шабандоздардың өнерін тамашалады.

Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.