Түрікменстан президенті ауысты

2022 жылдың 12 наурызында Түрікменстан президентінің сайлауы өтті. Бұл туралы Түрікменстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы мәлім етті.

Алматы, NEGE. Сайлау күні сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін сайлау құқығы бар азаматтар дауыс берді.

Тіркелген 3 460 080 сайлаушының 3 362 052-сі дауыс берді, бұл 97,17 пайызды құрайды. Демократиялық ережелер бойынша өткен сайлауда барлығы 9 үміткер бақ сынады.

Сайлау нәтижесі бойынша: Перхат Гуванчгулыевич Бегенджов 2,02% жинады;

Агаджан Бекмырадов 7,22%;

Сердар Гурбангулыевич Бердымухамедов 72,97%;

Бердимаммет Ханмамедович Курбанов 2,22%;

Мередов Бабамурат Тиркешович 1,08%;

Хыдыр Какабаевич Нуннаев 11,09%;

Максат Мырадович Одешов 1,15%;

Максатмурад Аширгельдыевич Овезгельдыев 1,16%;

Какагельды Атаджанович Сарыев 1,09% дауыс жинады.

Түрікменстан Сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімі негізінде 72,97% дауыс жинаған Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып сайланды.