Түрік фанаттары Конференция Лигасы матчы кезінде құтқарушыларға алғыс айтты
Конференция лигасының плей-офф кезеңінде швейцариялық «Базельге» қарсы өз алаңындағы матчта Түркияның «Трабзонспора» футбол клубының фанаттары Түркияда болған жойқын зілзала салдарын жойып, адамдарды аман алып қалуға ат салысып жатқан құтқарушыларға алғыс айтты.
Алматы, NEGE. Перформанс Конференция лигасының плей-офф кезеңінде түрік клубы мен швейцариялық "Базель" арасындағы ойын алдында болды.
Құтқарушының дулығасында үйінді астынан адамдарды іздестіру және құтқару үшін құтқарушылар жіберген елдердің туы бейнеленген. Алғыс тізімінде Қазақстанның туы да бар.