«Тұрғындар жолдардың сапасына наразы» – Олжас Бектенов жергілікті жердегі жолдарға да мән беруді тапсырды

Премьер-министр сондай-ақ көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT-технологиялар енгізуді тапсырды.

Үкімет

Алматы, NEGE. «Жергілікті жолдарға да баса мән беру керек. Облыстық және аудандық жолдарды күрделі жөндеуге қомақты қаражат бөлінуде. Оның ішінде республикалық бюджеттен де қарастырылған. Алайда, кейбір өңірлерде, жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жеткіліксіз болып отыр. Атап айтқанда, бұл – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына да қатысты мәселе. Тұрғындар жолдардың сапасына наразы», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өткен жылы азаматтардан жолдар мен көшелер мәселесіне қатысты ресми түрде 40 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен.

«Өңірлерде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарында құрылыс технологияларын сақтамау және мерзімдерді кешіктіру байқалып отыр. Әкімдер бұл мәселелерді бақылауға алуға тиіс. Көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT-технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді. 

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты