30 ноября 2023 г. 15:59

Тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған ер адам бес тәулікке қамалды

Фото:

Елордалық тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған азамат бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Астанада ер адам тұрғын үйдің кіреберісіндегі ашық балконда орынсыз әрекет жасап, дәрет сындырғаны камераға түсіп қалған. Ер адам Т.Шевченко көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің ашық балконының кіреберісіндегі орынды былғағаны белгілі болған.

Сарыарқа аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторлары түскен ақпарат бойынша аталған аумаққа барып, қоғамдық тәртіпті бұзушыны анықтады. Полицейлер оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғады.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 42 жастағы ер адам бес тәулікке әкімшілік жауапқа тартылды. 

Тегтер: