22 декабря 2025 г. 15:09

Тұрғын үй төлемдері: Отбасы банкі мерзімді уақытша ұзартты

Фото: kursiv.kz

Отбасы банкі тұрғын үй төлемдеріне қатысты өтінімдерді қарау мерзімін уақытша ұзартады. Желтоқсан мен қаңтар айларында өтінімдер жеті жұмыс күніне дейін қаралатын болады. 

Астана, NEGE. Бұл шешім өтінімдер санының айтарлықтай артуына байланысты қабылданған. Өзгеріс тұрғын үй төлемдерін жалға алу ақысын төлеуге аудару және басқа банктердегі ипотекалық қарыздарды өтеу үшін берілетін өтінімдерге қатысты.

Өтінімдер ұзақ қаралатындықтан, жалдау ақысы немесе ипотека төлемі кешігуі мүмкін. Осыған байланысты банк азаматтарға өтінімдерді алдын ала тапсыруға кеңес береді.

18 желтоқсанға дейін берілген өтінімдер 22 желтоқсанға дейін қаралады. Банк бұл шешімді өтінімдерді дұрыс әрі сапалы қарау және барлық құжаттарды мұқият тексеру үшін қабылдағанын атап өтті.