Тұрғымбаев: Митингіде ұсталған 53 адамның 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстанда митингіде ұсталған 53 адамның 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Алматы. NEGE. «22 ақпанда Бас прокуратураның бірнеше мәрте жасаған ескертуіне қарамастан еліміздің кей қалаларында кейбір азаматтар санкцияланбаған митингіге шықты. Сол себепті құқық қорғау органдарының күшімен қоғамдық тәртіпті бұзуға және санкцияланбаған митингілерге жол бермеу шаралары қабылданды. Нәтижесінде 53 адам ұсталды, оның 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 43 азамат профилактикалық тілдесуден кейін үйіне қайтарылды. Негізінен (ұсталғандардың көбі – ҚазТАГ) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан», – деді Тұрғымбаев.

Қазір оқып жатыр

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды