31 января 2021 г. 15:17

«Turangа Group» шақырады | Фоторепортаж

Фото:

Отандық туризм үшін 2021 жыл сәтті басталды.  Әсіресе, таулы аймақтағы туристік мекендер заман талабына  сай жанданып келеді. Іле-Алатау ұлттық паркіне қарасты Алма-Арасан аймағында бой көтерген визит-орталық келушілерге жайлы қызмет көрсетуде кейінгілерге үлгі болмақ.

Қолайлы демалысты қамтамасыз етуді көздеген «Turanga Group» компаниясы алғашқы жұмысының бірін «Ескі Жапон соқпағы» аталып кеткен жаяу жүргіншілер жолынан бастады. Кеңестік кезеңнен қалған, құлауға таяған көпірді қайта жөндеп, өзеннен қауіпсіз өтуді қамтамасыз етті.

Жаңа көпірдің қойылғанына зейнеткерлер дән риза. Өйткені, «Туранго Групп» зейнеткерлерді ай сайын шатқалға әкеліп, белгілі соқпақтармен саяхат ұйымдастырады. Зейнеткерлердің айтуынша, визит-орталық кез келген туристке пайдалы ақпарат беріп, жәрдем көрсетеді. 

Орталыққа келген әр сала мамандары экология талаптарын сақтай отырып,  таза табиғи өнімдерден салынған жаңа нысанға жоғары баға беруде. 

Компания басшысы мен қоғамдық кеңес мүшелері визит-орталық барлық талаптарға сай әрі дәл уақытында қолға алынған жоба екенін айтады. 

Жобаның негізгі тұжырымдамасы табиғатты сақтауға атсалысу. Сондықтан, визит-центрге келушілер тек табиғи өнімдерден жасалған бұйымдарды көре алады.Тіпті, қоқыс жәшіктерінің өзі табиғилық тұжырымдамасы аясында қойылған.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өркениетті экотуризмнің нышаны. Тасқа қашап салынған сурет туристердің қызығушылығын арттырып жатыр. Бұл жоба аясында кәсіби мамандар жұмыс істеуде. Алдағы уақытта мамандар қолынан шыққан тасқа қашалған өрнектер келушілерге ерекше әсер сыйламақ. Орталық орналасқан шатқал ежелден «Аюсай» аталған. Ол жайында түрлі аңыздар да жеткілікті. Болашақ өнер туындылары тікелей аю образымен байланысты болады.Мамандар жұмысының алғашқы легі тау баурайынан орын алып үлгерді.

Туризмнің жазылмаған заңы демалушыларға жақсы әсер қалдырып, естелік сыйлау.«Туранго» мұны назардан тыс қалдырмаған. Туристер үшін естелік бұйымдарды сатып алу мүмкіндігі бар. Тағы бір айта кетерлігі, орталық заманауи қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген. Ерекше дизайны таңдандырмай қоймайды. Әрі жанға жайлылық сыйлайды.Келушілер орталығымен Ұлттық парк орманшылары етене жақын жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде отандық туризм саласының дамуына әсер етпей қоймайды. Туристер үшін тағы бір жайлылық, жылылық – ас-дәм. Келушілер америкалық грильден дәм татып, сары самаурынның балдай тәтті, ыстық шәйін ішіп жүріп, қыста сырғанақ теуіп, жазда көңілді демалыс өткізе алады. Келушілерге табиғат аясында өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру ісінде визит орталықтар, ондағы ақпараттар, гидтер мен карталар үлкен рөл ойнайды. "Аюсай" шатқалындағы визит орталық осындай нысандардың алғашқысы.

Экотуризмді дамыту жоспарында елдегі ұлттық парктерде осындай орталықтар ашу көзделген. Құрметті оқырман,  сізді «Turango Group» шақырады!

Тегтер: