«Тұран» ФК бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының төртінші турынан кейін «Тұран» ФК бас бапкері Владимир Газзаев клубтан кетті.

Алматы, NEGE. Маман отбасылық жағдайға байланысты клубпен келісімшартты қос тараптың келісімімен бұзды. Бас бапкердің міндетін жаттықтырушы Қуаныш Қабдолов атқарады. «Тұран» футбол клубының ұжымы Владимир Валерьевичке атқарған жұмысы үшін алғысын айтып, жаттықтырушы қызметінде тек сәттілік, отбасына аман-саулық тілейді», – делінген клубтың әлеуметтік парақшасында. Владимир Газзаевтың қол астында «Тұран» үш матчтан соң 1 ұпай жинап, жарыс кестесінде 13-орынға жайғасты. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды