Тұншықтырған жоқ, тамыр соғысын тексерді: Бишімбаев сот сарапшысына сұрақ қойды

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. 

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына жеке сот сарапшысы Тахир Халимназаров шақырылды. 

Куәгерлерден жауап алу кезінде Қуандық Бишімбаев сот сарапшысына сұрақ қойды.

«Сіз тұншықтыру туралы айтқанда, менің қорғаушым сізге сараптаманы оқып берді. Сіз қысып ұстау туралы айтып отырсыз, мойыннан тамыр соғысын тексерген кезде  бұл белгілер қалуы мүмкін бе? Адам тамыр соғысын тексергенде мойынның артқы жағынан ұстауға тырысады. Мұндай кезде іздер қалуы мүмкін бе?» - деп сұрады Бишімбаев.

«Жоқ, көгерген іздер тек қатты қысыммен қысудан пайда болады. Сонымен қатар оның мойын бұлшықеттерінде қан кету бар», - деп жауап берді сот сарапшы. 

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды