Тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі

Президенттік әдеби сыйлық 4 номинация бойынша үздіктерді анықтайды. Үміткерлер «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» бойынша өз еңбектерін ұсына алады.

Алматы, NEGE. Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады. Өтінімдер 2023 жылғы 30 маусымға дейін қабылданады.

Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 миллион теңге, «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом мен төсбелгі беріледі.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуынша, мұндай бастамалар қазақ тіліндегі контентті көбейту үшін, әсіресе балалар әдебиеті саласындағы контентті көбейту үшін қажет.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?